Қала мен Сала

Астанада қар күреу жұмыстары тәулік бойына жалғасуда

Астанада қардың қалың түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.  7 ақпан күні түстен кейін қар полигондарына 51 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Astana-akshamy.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

8 ақпанға қараған түні қала бойынша 300-ден астам жол жұмысшысы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмыс істейді.

Күндіз қаладан 3,6 мың ауыр жүк көлеміне тең 51 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 292 мың рейспен 3,9 млн текше метрден астам қар жеткізілді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша таңертең және түстен кейін 7, 8, 9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болуы ықтимал.

Күшті дауылдың болатыны туралы жарияланған ескертуге байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға шақырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button