Басты ақпаратЕлорда тынысы

Көптен күткен қоныстой

Астанада құрылысы 11 жылға созылған тағы бір тұрғын үй аяқталып, үлескерлер пәтер кілтін алды.

«Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған еді. Нысанның өзі 2017 жылы
проблемалы деп танылған. Мұндағы үлескерлер саны – 200-ге жуық отбасы.

«Нысанды ЕҚК-ге өткізу кезінде 4 және 7 қабаты ғана салынған. Бұл үйді аяқтау үшін көптеген жүйелі жұмыс, оның ішінде инженерлік желілер бойынша да жұмыс жүргізілді. Төрт блоктың тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Ал бесінші блоктың үлескерлері жақын арада баспаналы болады.

Астанада осыған дейін мемлекет қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді.

Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалады. Оларды осы жылдың І, ІІ тоқсанында аяқтаймыз. Әрбір нысан бо­йынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқ­талуы – Мемлекет басшысының бақылауында» деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button