Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана
1 маусымнан 31 шілдеге де­йін елордада мектептердің, колледждердің және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының негізінде 6 мен 74 жас аралығындағы қала тұрғындары үшін цифрлық сауаттылық курстары ұйымдастырылады.

Алматы облысы
Енді алматылықтар еліміздегі ең танымал туристік орындардың бірі – Алакөлге ұшақпен жете алады. Бүгін Алматы әуе­жайынан Үшаралға алғашқы рейс көкке көтеріледі. Ұшақтар аптасына бес рет қатынайтын болады. Алматы–Үшарал–Алматы бағытындағы ұшақтар билетінің бір бағыттық құны – 10 мың теңге.

Атырау облысы
Исатай ауданындағы Қызылүй ауылы 105 жылдығын атап өтті. Мерекеге орай «Менің ауылым» шарасы ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары Қызылүйдің іргетасы 1913 жылы қаланғанын айғақтайтын стела-белгінің орнатылуына және елді мекенге тартылған таза ауызсу құбыры мен су тарату ғимаратының пайдалануға берілу рәсіміне куә болды.

Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны – 13 жастағы Әмірхан Дархан 4 бауырын, яғни 9, 11 жасар інілері мен 2, 4 жастағы екі қарындасын өрттен аман алып қалды. Өрт тұтанған кезде балалардың ата-анасы түнгі кезекшілікте жұмыста болған. Оқиғаны еске алған Дархан тек бауырларын құтқару басты мақсаты болғанын айтады.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырарлық тұрғын туған жеріне спорт кешенін салып берді. Қасиетті Рамазан айында Ақтөбе ауылында заманауи талапқа сай 240 орындық
Әуесбек Қамбаров атындағы спорт кешенін салып берген жеке кәсіпкер Есбол Қамбаров ауыл тұрғындарын зор қуанышқа кенелтті.

Қызылорда облысы
Жалағаш ауданында «Домбыра-думан» атты домбырашылар шеруі өтіп, бір мезгілде 100 өнерпаз Құрманғазы күйлерін орындады. Шараға музыка мектебі мұғалімдері, оқушылары, этно топ домбырашылары, «Мұрагер» домбырашылар ансамблінен құралған өнерпаздар қатысты.

Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласында ашаршы­лық және қуғын-сүргін құрбан­дарына арналған ескерткіш бел­гі қойылып, шағын аллея қай­та қалпына келтірілуде. Қазір ескерткіш орнату, көгалдандыру, әрлеу жұмысы жүріп жатыр. Барлығы 6 жоба ұсыны­лып, облыстық, респубикалық комиссия ең үздігін таңдап алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button