Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Бас қалада балалар ме­ке­мелерінің маңындағы жолдардың апатқа қауіпті учаскелерінде сырғанауға кедергісі бар қызыл жо­лақтар төселді.

Алматы облысы

Облыс полицейлері із-түзсіз жоғалған зей­неткерді тауып алды. Алматы қаласының ауру­ханаларының біріне ауыр жарақатпен түскен қарт кісіге белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жа­саған. Қазір күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

Атырау облысы

Атырау қаласында алғаш рет парадзюдодан әлем кубогы өтуде. Оған 200-ге жуық балуан қатысып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында республикалық Сабантой мейрамы тойланды. Оған Татарстан елінен делегация қатысты.

Қостанай облысы

Астықты өлкеде егін орағы қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін егіннің 33 пайызы орылған. Астықтың орташа түсімі гектарынан 10,5 центнерден болып отыр.

Павлодар облысы

Аймақта жарияланған «Экология жылы» аясында Павлодар қаласының маңында 800 гектарлық жасыл белдеу құрылады.

Жамбыл облысы

Облыстағы 12 км астам магистральдық жылу же­лілері ауыстырылады.

Түркістан облысы

Түркістан облысында 43 мың тұрғынның айлығы 60 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кірістер де­партаментінің басшы­сы Әлібек Тілегенов «Нұр Отан» партиясы жанын­дағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлім­деді.

Шымкент

Шымкент қаласына «7-20-25» бағдарламасы бо­йынша тұрғын үй құнының лимиті 25 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл сома 15 миллион теңге болған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button