Sport

Әкем, анам және мен – озып тұрмыз бәрінен

Астана қаласында Отбасы күніне арналған думанды шаралар салтанат құрды. Соның бірі – көпшілікті бірлікке бастаған – «Отбасылық дуатлон» жарысы.

Дуатлон – аты айтып тұрғандай жүгіріп және велосипедпен жарысатын қос сайыс. Астанада жақсы дәстүрге айналған бұқаралық спорт түрі бұл жолы бұрынғыдан өзгерек өтті. Нақтырақ айтсақ, белгіленген қашықтықты әдеттегідей әр қатысушы жеке дара емес, тұтас отбасы болып бағындырады.
Эстафета түріндегі жарыс Астана Триатлон паркінде өтті. Отбасылық дуатлонның межесі – 4,5 шақырым. Бұл аралықтың өзі үш кезеңге бөлінді. Жарыс жолын алдымен үйдің отағасы – әкесі бастап, 2,1 шақырымды жүгіріп өтеді. Содан кейін анасы жалғастырып, велосипедпен 2,1 шақырымды еңсереді. Ал қалған 300 метрге баласы жүгіріп, мәре сызығын кеседі.
Жарыс жеңімпаздары үш санат бойынша анықталды. Мұнда тек балалардың ғана жас ерекшеліктері ескерілді. Сонымен, бұл додада 40 отбасы бақ сынады. Солардың ішінен мерейі тасыған әулеттер мыналар:
8-9 жас дәрежесі бойынша Вишкяковтар топ жарып, екінші орынды Зайцевтер, үшінші орынды Белишкиндер отбасы алды.
10-11 жасар баласы барлардан Дженгиз отбасы үзік болса, екінші орын Қожановтарға, үшінші орын Төлегеновтерге бұйырды.
Ал 12-13 жас дәрежесінде Саликжановтар жеңімпаз атанды. Екінші орыннан Шевченко, үшінші орыннан Қуанышбаев отбасы көрінді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button