Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана
Елбасы кітапханасында «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы» атты көрме ашылды. Аталмыш көрме Астананың 20 жылдығы мен «Нұрсұлтан
Назарбаевтың Білім беру қоры» қоғамдық қорының 20 жылдығына арналды.

Қарағанды облысы
Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл толуына орай «Кө­ме­кей әулие» атты деректі-көркем фильм түсіріледі. Туын­ды 10 эпизодтан тұрады.

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданының шекара ше­бінде жатқан Қаратал ауы­лында роботтехника кабинеті ашылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанды. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті.

Қызылорда облысы
Арал ауданында жалпы ау­мағы 8 мың шаршы метр кө­лем­ді алып жатқан Рәміздер алаңы ашылды. Мұнда Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік гимн және биіктігі 20 метрлік Мемлекеттік ту орналасқан.

Павлодар облысы
Ертіс өңірінде «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында қимақ-қыпшақ ғасырындағы тарихи ескерткіштер қалпына келтіріліп жатыр.

Қостанай облысы
Жанкелдин ауданы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің жанынан 1987 жылы құрылған «Күлкі» ойын-сауық отауы арада 31 жыл өткеннен кейін сүйікті көрермендерімен қайта қауышты.

Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданында ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, соның ішінде орталықтандырылған ауызсумен қамту мәселесі шешімін тапты. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданда қарқынды жүріп, қазіргі таңда Амангелді, Ащысай, Ақшат, Жаңакүш ауылдарына су желісі тартылып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы
6-7 маусым күн­дері петропавлдықтар астаналық өнер қайраткерлерінің мәдени бағдарламасын та­машалай алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button