Елорда тынысы

Автобус карталары қымбаттайды

Елордадағы автобустарда көлік карталарын шығару және қайта шығару бағасы өседі.

Сity Transportation Systems компаниясы 3 қаңтардан бастап «Transcard» көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлады. Дербестендірілген (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын бастапқы шығару құны – ҚҚС-пен (қосылған құн салығы) бірге 1000 теңгені (бұрынғы бағасы 800 теңге), қайта шығару құны ҚҚС-пен бірге 2000 теңгені (бұрынғы бағасы 1500 теңге) құрайды. Дербестендірілмеген көлік карталарының құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге.

«Құнның өсу себебі көлік карталарының сатып алу құнының едәуір өсуіне байланысты. Сонымен қатар, биылғы жылы қолданыстағы жабдықтың тозуына байланысты көлік карталарын басып шығару жөніндегі мамандандырылған касса жабдығын жаңғырту жүргізілді» делінген компания хабарламасында.

2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жүру тегін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button