Басты ақпаратРуханият

Қожабековтің қолтаңбасы

Елордадағы орталықтандырылған балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Астана ақшамы – елорда шежіресі» атты баспасөз мәслихаты өтті. Жиында белгілі журналист, ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, «Astana aqshamy» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабековтің «Ұят болады, ұлым!» кітабының тұсауы кесілді.

Қаламгердің 60 жасқа толған мерейтойы қарсаңында өткен бұл іс-шараға «Elorda Aqparat» медиакомпаниясының дирек­торы Олжас Сыдықбек, орталықтандырылған балалар мен жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Сағыныш Дүйсенқызы, сондай-ақ қаламгердің әріптестері, туған-туыстары мен журналис­тер қатысты.

Олжас Сыдықбек өз сөзінде Жаңа жылдың алғашқы күнін рухани орда – кітапхана­ға келуден басталғанын, бұл «Elorda Aqparat» медиахолдингі үшін де жақсы бастама екенін еске салып, мерейтой иесінің атқарып жатқан қызметі мен шығармашылық жұмысына толағай табыс тіледі.

Ғалым Қожабеков – журналистика саласында ұзақ жыл еңбектенген тәжірибелі журналист. Қаруын қаламға айырбастап, «Astana aqshamy» газетінде табан аудармай 28 жылдан артық қызмет істеген ол ел жүрегі – елорданың ­үгіт-насихат, ақпараттық жұмысына еселі еңбек сіңірді. Өзі қызмет істеген басылымның дамуына үлкен үлес қосты. Осы еңбегі үшін «Ақпарат саласының үздігі» атанып, еңбегінің жемісін көрді.

Ғалым Қожабеков – 5 кітаптың авторы. Бұл жолы оқырманға ұсынылып отырған «Ұят болады, ұлым!» кітабының аты айтып тұрғандай, кітапқа әке мен бала арасындағы сыр-сұхбат және әр жылдары жазған мақалалары мен публицистикалық шығармалары енген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button