Ел тынысы

Мерекемен құттықтады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімдері балаларды келе жатқан мерекемен құттықтау үшін арнайы мектептерге барды.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев балаларды құттықтап, №3 арнайы мектепте болып, бүлдіршіндерге аудан әкімдігі атынан тәтті сыйлық табыстады.

Тәттілерден бөлек, оқушылар концерттік бағдарламада келер жылдың басты символы – қоянмен бірге ойын өткізіп, ерекше әсерге бөленді.

Сондай-ақ әкімдер педагогтарды да құттықтады. Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов №2 арнайы мектепке бару барысында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың жұмысын атап өтті.

«Мұғалім – ұлы мамандық. Осы мектепте ерекше балаларды тәрбие­леп, оларды дамыту арқылы үлкен жұмыс атқарып жүрсіздер. Бүгінгі қоғамның дамуына ерекше үлес қосып келесіздер. Еңбектеріңізге алғысымыз шексіз! Сіздерге көмек көрсетуге әрдайым дайынмын» деді Жүсіп Жұмағұлов.

Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының балаларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол сондай-ақ балаларға тәтті сыйлық беріп, жылы лебізін жеткізді.

Биыл арнайы мектеп оқушылары үшін бірқатар мәдени-бұқаралық ­іс-шара ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Нақтырақ айтқанда, ­ойын-сауық орталықтарына тегін бару, қала әкімі мен аудан әкімдерінің атынан кинотеатр мен шыршаға бару.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда елордада Мемлекет басшысының атынан шырша мерекесі өткізілді. Мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балалар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, дарынды, оқуда, спортта, шығармашылықта және т. б. жетістікке жеткен 200 бала шақырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button