Елорда тынысы

Аудан тұрғындарын не толғандырады?

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесті. Олар жүздесуде әлеуметтік нысандар, жолдар, кәріз желісін, нөсер кәрізін, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, жарықтандыру, жаңа бағдарларды іске қосу, тығыз салынған құрылыстар және тағы басқа мәселелерді көтерді. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында ақпарат берді.

«Бірқатар орында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы тоқтатылды. Үйдің орнына мектептер, медицина орталықтары, қоғамдық кеңістіктер (алаңдар) және тағы басқа әлеуметтік нысандар салынады. Бұған ерекше мысал – Ш.Айтматов-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы учаске. Осыған дейін бұл орында 12 қабатты көпқызметтік кешен салу жоспарланған. Қазір мұнда саябақ абаттандырылып, көпжылдық өсімдіктер мен ағаштар отырғызылды. Бұл орын маңайдағы тұрғын үй кешендерінің мыңдаған тұрғыны үшін тартымды орталыққа айналды» деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Әкім қаланың өсу қарқынын ескерер болсақ, аудан қажеттіліктерінің бірі әлеуметтік нысандар салу екеніне тоқталды.

«Мысалы, биылғы оқу жылында 11 мектеп ашамыз, ал оның 4-еуі Нұра ауданында болмақ. Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 24 мектеп саламыз. Олардың 9-ы Нұра ауданында орналасады» деп түсіндірді қала басшысы.

Оның айтуынша, 2029 жылға дейін елордада 15 Оқушылар сарайы салынады. Олардың кейбіріне бассейн салу жоспарда бар. Осылайша, алғашқы 5 Оқушылар сарайының құрылысы келесі жылы басталады. Олардың бірі Нұра ауданында орналасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button