БілімЖаңалықтарҚала тіршілігіМәдениет

«АЯЛАҒАН АСТАНАНЫҢ» МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

d0faa84b21c87ee01e273d6238d

Елордада «Аялаған Астана» ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының жеңімпаздарына арналған арнайы музыкалық мектеп ашылды.

Соған орай, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні байқауға дайын­да­луға еліміздің әр аймағынан 16 дарынды бала Астанаға келді. Енді олар музыкалық мектепте маусым айы бойы өздерінің вокалдық қабілет­терін шыңдайды. Оған қоса, «Zaratushtra Band» оркестрінің сүйемел­деуімен қала күні қарсаңында өтетін телевизиялық шоуға дайындалады. Қазір жас өнерпаздар актерлік шеберлік, сольфеджио, вокал бойынша дәріс беретін ұстаздарымен танысып, концертке дайындықты бастап кетті. Бірі жеке ән орындаса, кейбірі топта өнер көрсетеді. Байқау «Балалық шақ әнұраны», «Жұлдыздармен дуэт және әлемдік хит», «Атамекен» атты үш кезеңнен тұрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button