Әлеумет

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

rfc

«Біз мектепке барамыз» акциясына №46 «Самал» санаториялық балабақшасы да өз үлесін қосты.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан балалар Нұрдаулет Төлегенов пен Сабрина Джалилова биыл даярлық тобынан өтіп, мектеп табалдырығын аттайды. Балаларға «Формат-Х» жеке кәсіпорнының өкілі мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмке табыстады. Балабақша меңгерушісі Балауса Қайырғалиева балабақшаны аяқтап жатқан түлектерге оқуда озат болуын, Отанымызды сүйіп, оның өркендеуіне үлкен үлес қосатын азаматтарға айналуын тіледі.

Балалардың аналары Мәдина Джалилова мен Алтын Ғажайып көрсетілген көмек үшін балабақша ұжымы мен жеке кәсіпкерге алғыстарын білдірді. Бала тәрбиесіндегі еңбектеріне табыс тіледі.

Осы бақшаның тәрбиеленушісі Азат Маграж «Пони» халықаралық интеллектуалды турнирінен жүлделі 1-орын иеленген еді. Азатқа сертификат пен бағалы сыйлық табыс­талды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button