БілімЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

IMG_9442

Астанада мектепке дейінгі мекемелерге балаларды қабылдау басталды. Биыл қаладағы балабақшаларда 5800 орын босайды.

Астана қаласы Білім басқар­масының басшысы Эльмира Сухан­бердиеваның айтуын­ша,бала­ларды қабылдау 2 шілдеге дейін жалғасады. Содан кейін ата-аналарға балабақшаларға жолдамалар беріледі. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылды. Комиссия баланың жасы мен кезегіне қарай күніне 300 адамды қабылдайтын болады. Комиссия №61 орта мектепте сағат 15-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жылдың соңына дейін 15 балабақшаны пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, мемлекеттік балабақшалардың төлемақысы өзгермейді. Әдеттегідей 10-12 мың теңге. Босаған орындардың 20-25 пайызы 1-2 топтағы мүгедек ата-аналардың балаларына, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған сәбилерге, жетім балаларға, көп ба­лалы отбасынан шыққан және әскери қызметкерлердің балаларына беріледі. Ал қалғанына 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер қабылданады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button