Жаңалықтар

Аялдамалар алып тасталады

20 шілдеден бастап елордалық маршруттар сызбанұсқасынан кейбір аялдама пункттері алынып тасталады. Өзгерістер автобустардың маневр жасау кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және осы аялдамалардағы жолаушылар ағынының төмендігіне байланысты болмақ.

№13 бағдардың қозғалыс сызбасынан Қ.Рысқұлбеков көшесіне қарай Абылайхан даңғылы бойындағы «Халықаралық «Мирас» мектебі» аялдамасы жойы­лады. №18 бағдардың қозғалыс сыз­басынан Күйші Дина көшесіне қарай Тәуелсіздік даңғылы бойындағы «Тойота» орталығы» аялдамасы жойы­лады. №71 бағдардың қозғалыс сызбасынан И.Құтпанов көшесіне қарай Біржан сал көшесі бойындағы «Дәулет» СҮ» аялдамасы алып тасталады. №12, 35, 102, 300, 305, 312 бағдарлардың қозғалыс сызбасынан Д.Қонаев көшесіне қарай Тұран даңғылы бойындағы «Астана Опера» театры» аялдамасы да жойылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button