Басты ақпаратЖаңалықтар

ӘЗ-НАУРЫЗҒА ӘЗІРЛІК

ERM_2086

Елорда тұрғындары да қазірден бастап мерекелік көңіл-күй ауанына бөленуде. Бас қала көшелеріне орна­тылған мүсіндер шығыс ха­лықтарына ортақ мерекенің төрімізге келіп қалғанын сездіруде.

Әз-Наурыз – Жаңа жылы­мыздың жаршысы ғана емес, елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлттарды ұйыстыратын мерекеге айналды. Осы күні қазақ та, орыс та, кәріс те, неміс те басқа ұлттар да тайлы-тұяғы қалмай, алаң басына жиналып, наурыз көже ішіп, бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ән салып, би билеп, ұлттық спорт ойындарын тамашалайды. Жан-жағына шуағын шашқан бұл мерекенің келуіне де бір аптадан сәл асатын уақыт қалды. «Игіліктің ерте кеші жоқ», әз-Наурызың құтты болсын, ағайын!

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button