Қала тіршілігі

ТЕХНИКАДА ТЫНЫМ ЖОҚ

Сарыарқа ауданында биылғы 7 қаңтар мен 9 наурыз аралығында 199 468 текше метр қар шығарылды. Ал, жалпы қыс маусымында қардың 808 794 текше метрі арнайы полигонға апарылды.

10-1

Қазіргі таңда бұл жұмыс жалғасып жатыр. Бұған қоса, еріген қар суын іркілтпеу бойынша кешенді жоспар әзірленіп, аудан аумағындағы су басу қаупі бар учаскілер анықталды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы аудандық комиссияның бірнеше мәрте отырыстары өткізілді.

1 наурыздан бастап «Астана Тазалық» ЖШС-нің Ә. Мол­дағұлова, 1 а мекенжайын­да орналасқан өндірістік база­сындағы диспетчерлік комиссиясында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. Оған аудан әкімдігінің өкілдері де қатысуда.

Нақты атқарылған жұмыстарға келсек, жеке үйлер орналасқан аумақта екі рет қар тазалау жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғындардың шағымдары түскен бойда сол аумақтарға сәйкес техника жіберілуде. Оған бір бригададан тұратын техника жұмылдырылған.

«Агрогородок» тұрғын алабындағы табиғи су көз­деріндегі судың деңгейін төмендету мақсатында 4 мың текше метр инертті материал әзірленіп, суды соратын құрылғылармен жаб­дықталған 10 трактор сол ау­мақтарға, атап айтсақ, М. Жәлел, Қожахметов, Гагарин, О. Бөкей, Оғыланды, т.б. көшелерге жіберілді. Арықтарды тазалау жұмысы да жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін олардың ұзындығы 21 990 метрді алатын аумағы тазартылып, су өткізетін құбырлардың 7 250 метрі жібітілді, 15 828 текше метр су сорылды.

Әсіресе, әлеуметтік маңызды нысандардың маңын қардан тазартуға үлкен көңіл бөлінуде. Мердігерлік ұйымдар мұны жасалған кестеге сәйкес атқаруда. Қазірге дейін 32 орта мектеп пен 33 балабақшаның аумағынан қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button