Қала мен Сала

ОҢАЛТУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ

Қалалық әкімдікте  Қазақстан Республикасының оңалту және банкротқа қатысты заңнамасындағы жаңа нормаларды түсіндіруге арналған семинар өтті. 

22-1

Былтыр «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заң­намалық актілеріне оңалту және банкрот­тық мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.

Аталған Заң банкрот болып та­нылған кәсіпорынды сақтап қалу­дың баламалы тәсілдерін ұсынады.

– Өкінішке қарай, кәсіпорындар дағдарыстан қалай шығуға бо­ла­­тындығын білмей жатады. Көбінесе олар қаржы мә­селелерін өздігінен шешуге тырысады. Алайда, қиын-қыстау кезеңнен заңнамаға сүйене отырып шығуға болады, – дейді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Мотовилова. Оның айтуынша, жаңа заңнаманың арқасында борышкер мен кредиторлар арасында төлем қабілетсіздігін келісім жасасу арқылы реттеу – банкроттықтан құтылудың бір жолы.

Сондай-ақ, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Мейірбек Байгелов былтыр банкрот деп тану туралы 300-ге жуық арыз келіп түскенін атап өтті.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button