Білім

БАС ҚАЛАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ҮЗДІК

Алматы қаласында Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІ халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Тартыс­ты бәсекеде елордалық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды еншіледі. 

Білім додасында Астанадағы «Көгілдір желкен» қазақ-түрік лицейінен, «Мирас» халықаралық мектебінен және №66, №17, №75, №51, №4 мектептерден 22 шәкірт бақ сынады. Мұның алдында талантты ұл-қыздар жарыстың іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен-ді. Ғылыми жобаларын барын сала қорғаған ұландар қазылар алқасының көңілінен шығып, биік тұғырдан көрінді. Атап айтқанда, астаналық 5 оқушы – бірінші, 8 оқушы – екінші және 5 оқушы – үшінші орынды қанжығаға байлады.

– Дәстүрлі турнирдің бас­ты міндеті – жастардың математика ғылымына деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге бағыттау. Биылғы сайыс халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның 16 өңірі және Әзербайжан мен Қырғызстан елдерінен келген жоғары сынып шәкірттері қатысты. Бәйгенің қаншалықты қиын болғаны осыдан-ақ аңғарылады. Әйткенмен, біздің қабілетті балаларымыз білімдерін дәлелдеп, артылған үміттің үдесінен шықты, – дейді «Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Рәш Ермағанбетова.

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button