Сайлау - 2021

Аз жалақы, ауқымды жұмыс



Nur Otan партиясының өкілдері сайлау алдындағы науқан аясында «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер, сот орындаушысы Талғат Мамықанов бұл кәсіпорын жұмысшылары үшін баспанаға несие алу және жалақының аздығы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылатынын айтады.

– «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС жұмысшылары қоғам үшін аса қажетті және пайдалы жұмысты атқарады. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесінде қала көшелері тап-таза болып, жарқырап жатыр. Ландшафттық композициялар көшелерге көрік беріп тұр, – деп атап өтті кездесуде Т.Мамықанов.
Жиын барысында партия өкілдері «Өндіріс» тұрғын алабында 2021 жылы көпбейінді емхананың құрылысы жоспарланғанын мәлімдеді.

 




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button