БілімЖаңалықтар

Байқауда бақ сына!

Жыл сайынғы дәстүрлі «Esil winter» фестивалі аясында балалар арасында «Нұр-Сұлтандағы қысқы ертегі» шығармашылық байқауы жарияланды. Қабылдау желтоқсанның 1-інен 13-іне дейін жалғасады.

Байқауға қатысушы өз туындысын Instagram-да #EsilWinter2021 хештегімен жариялау керек немесе akimat.esil@mail.ru поштасына жолдауға, Қабанбай батыр, 33 мекенжайына келіп, аудан әкімдігінің әлеуметтік сала бөліміне тапсыруына болады.
Жеңімпаздарды таңдау Instagram-ның @esil_winter_2021 парақшасында тұрғындардың дауыс беруі арқылы өткізіледі.
Жарыстың нәтижесі 16 желтоқсанда жарияланады. Байқауға қатысушы аты-жөнін, жасын (18 жасқа дейін), шығарманың атауын, уақытын, форматын (А4 немесе А3) көрсетуді ұмытпау керек. Жеңімпаздардың туындылары Ғашықтар бағындағы «Қысқы ертегі» галереясына қойылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button