Басты ақпарат

Марапаттар тапсырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚР Конституциясының 25 жылдығы және «Халық алғысы» төсбелгілерін табыстады. Бұл туралы қала әкімі инстаграм парақшасында жазды.

«Жас елордамызды қалыптастырған – түрлі мамандықтарды игерген мыңдаған адам. Олардың ішінде құрылысшы, мұғалім, дәрігер мен құқық қорғаушылар да бар. Әрқайсысы қаланың дамуына өзіндік үлесін қосты және қосып келеді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚР Конституциясының 25 жылдығы және «Халық алғысы» төсбелгілерін табыстадық.
Марапатталғандардың ішінде еңбек ардагерлері, сәулетшілер мен құрылысшылар бар. Солардың бірі – қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Надежда Петухова. Осы мекемені 1997 жылдан бері басқарып келеді. Сол жылы елорда өмірінің жаңа кезеңі басталып, барлық күш-жігерді барған сайын көбейіп бара жатқан тұрғындарға жұмылдыру керек болды» деп жазды Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ биыл азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық беттұмшаларды таратуға, санитарлық талаптарды қадағалау рейдтеріне қатысып, індетпен күреске көмектескен еріктілер де мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button