Мәдениет

Үздіктер қатарында

Танымал режиссерлер – Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбековтің «Қыз бен теңіз» фильмі Silk Road Film Awards – Cannes кинофестивалінде «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фильм» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ фильмде басты рөлдерді сомдаған актерлер – Динара Шарипова мен Тахир Умаров байқаудың құрметті аталымына ие болды.

Silk Road Film Awards – Cannes фестивалі жеңімпаздарды әр айдың соңында анықтайды. Үздік деп танылған фильмдер жылдың соңында III Александр атындағы театрда көрсетіледі. Бұл байқауға әлемнің тәуелсіз киногерлері қатыса алатынын айта кеткен жөн.
Мәдениет және спорт министр­лігінің тапсырысымен «Новый мир» АРДИ студиясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Қыз бен теңіз» фильмінің сюжеті БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің қиын тағдыры, оның арманы, махаббат және отбасы туралы баяндайды. Фильм «ARDI» оңалту орталығының қамқорлығындағы Динара Шарипованың өмірінен алынған нақты оқиғаға негізделген.
Айта кетейік, бұл туынды бұған дейін де бірнеше халық­аралық фестивальге қатысып, жүлдегер атанды. Соның ішінде былтыр Лондонда өткен Romford film festival фестивалінде Динара Шарипова «Үздік әйел рөлі» жүлдесіне ие болды. Енді картина желтоқсан айының 24-і мен 26-сы аралығында Бангладеште өтетін Cinemaking International Film Festival-2020 халықаралық байқауына қатысады. Ал жаңа жылдың басында Болгарияда өтетін 13th Sofia Menar Film Festival кинофес­тивалі шеңберінде көрсетіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button