ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚоғам

Балалар қызыққа бөленді

Кеше Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі балаларға арналған жаңажылдық шырша тойын ұйымдастырды.

erm_5620

«Азия парк» сауда-ойын-сауық орталығында өткен мерекелік шараға Ауғанстан соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистердің балалары мен немерелері шақырылды. Аяз ата мен Ақшақардың ақ тілегіне қуанған балалар өз өнерлерін де ортаға салды.
– Балалар үшін жаңа­жыл­дық ертеңгілік өткізуді дәстүрге айналдырып келеміз. Осылайша, соғыс көрген замандастарымыздың балалары мен немерелерін бір қуантып, сыйлық береміз. Бұл да бір патриоттық тәрбиенің, әлеуметтік қолдаудың үлгісі деп ойлаймын. Бүгін 200-ге жуық балаға сыйлықтар үлес­тірдік, – дейді осы шараны ұйымдастырушы, Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагер­лері одағы» ҚБ төрағасы Серік Кенжебеков.
Шара соңында балалар ойын аттракциондарында екі сағат бойы түрлі ойындардың қызығына батып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button