ЖаңалықтарТаным

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ

Елордада ел егемендігінің 25 жылдығы мен алдағы уақытта өтетін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында «Sky Cinema Production» мен «Tengri Plus-IS» компаниялары көпшілік қауымға «KazTumar» деген атпен кезекті брендін ұсынды.

brand

Бірнеше ауқымды жобаларды бір арнаға тоғыстырған аталмыш компания төл өнімдерін ұлттық нақышта жасауды ұйғарған. Мәселен, шара аясында жұртшылыққа «Көк бөрі елі» және «Утраченные символы Казахстана» атты кітаптар таныстырылды. Бабалар аманатына адалдық, елге деген ұлтжандылық, келешекке деген сенім бұл кітаптарда жарқын көрініс тапқан. Ал көрерменге қызықты болу үшін «Көк бөрі елі» атты кітап желісінің негізінде жас актерлер сахналық қойылым көр­сетіп, өнерлерімен, сахнада ойнау шеберлігімен тәнті етті. Сондай-ақ, аталмыш компанияның продюсері Елена Гомердің айтуынша, бірлігі жарасқан ұжым өткен жылы «XXI ғасырдағы Алдар көсе» комедиялық фильмін түсіріп үлгерген. Оны 6 облыстағы 14 кинотеатрда қалың көрермен тамашалады. Сәті түсіп жатса, жыл соңына дейін кино туынды «Астана» телеарнасынан көрсетілетін болады.
Сонымен бірге, шара аясында белгілі қазақстандық дизайнер Қайролла Әбішев­тің тікелей атсалысуымен балаларға арналған сән көр­сетілімі өтті. Бүлдіршіндерге арналған киімдер заманауи стильмен қатар, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Осылайша, өнері өрге жүзген дизайнер қолынан шыққан киім-кешектер кішкентай ұл-қыздардың бойына қона кетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сән үлгілері биыл тек балаларға арнап дайындалған. Ал келер жылы ересектерге арналған киім-кешектің небір түрлерін ұсыну жоспарда бар.
Тұсаукесер соңында бүл­діршіндерге жаңажылдық шоу қойылса, мейман­дарға шағын көрме-жәрмеңке ұйымдас­тырылды.

Әмір ДОСҚОЖА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button