Білім

Балалар үйіне барды

Елорда әкімдігі өкілдері Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 

Жыл жаңарар тұстағы мейрамда ұйымдас­тырушылар далада қар үстінде мерекелік кеш өткізіп, оны балалар өздері тұратын үйдің ішінде терезеден көріп тамашалады.
«Біз балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді сәл де болса қуантсақ деген ниетпен Ұлттық әскери патриоттық орталығының бастамасымен және «Жас сарбаз» қозғалысы бірлесіп, осында келіп отырмыз. Басты мақсатымыз – балалардың риясыз күлкісі, бақытты сәттеріне куә болу» дейді елорда әкімдігінің бас инспекторы, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Мөлдір Бөлебаева.
Аталған балалар үйі директорының оқу тәрбиесі жөніндегі орынбасары Ботагөз Қазбекова осы шараны өткізуге атсалысқан ұлттық қозғалыс және әкімдік өкілдеріне шексіз алғыс білдірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button