Мәдениет

Балет фестивалі шақырады

21-22 қараша күндері «Астана Балет» сахнасында ұлттық валютаның 30 жылдығы аясында қазіргі заманғы өнер саласындағы ІІ FREEDOM BALLET өнер фестивалі өтеді.

Қатысушылар қатарында Мемлекеттік Вена балетінің, Нидерланд Ұлттық балетінің, Бавария Ұлттық Балетінің, Сан-Карло театрының, «Астана Балет» театры мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солистері бар.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, кеш қонақтары бұрын-соңды Қазақстанда орындалмаған туындыларды тамашалай алады. Бағдарлама аясында Ханс ван Манен, Дэвид Доусон, Уэйн Макгрегор, Ренато Дзанелла, Уильям Форсайт сынды балет әлеміне төңкеріс әкелген тұлғалар мен өзге де хореографтардың туындылары көрсетіледі.

Фестивальдің арнайы оқиғасы – Life performance және Digital Installation жеке бағдарламасы. Балет көрсетілімі басталмас бұрын, фойеде қазіргі заманғы суретші, Performance artist Әділ Әубәкіров, New-Media artist Әнуар Мүсірепов, музыкалық продюсер әрі саунд-дизайнер Густаво Коста (Бразилия), музыкант Қанат Қыдырбаевтар Бауыржан Сағиевтің жетекшілігімен Теңге визуалды коды және Ұлы даладағы ақша қарым-қатынастары, сондай-ақ KASE қазақстандық биржасының деректері негізінде цифрлық визуализация тақырыбына моноинсталляцияны ұсынады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button