Сайлау - 2021

Бақылау күшейтіледі



Кеше сайлауалды бейпартиялық бақылау орталығында 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлау алдындағы дайындық және үгіт-насихат жұмыстарын талқылау мақсатында сайлауға қатысатын партиялардың өкілдерімен кездесу өтті.

Еліміздегі жетекші партия – Nur Otan партия­сымен өткен кездесуге партия орталық аппарат басшысының орынбасары – құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Арман Капесов, Партияның саяси жұмыс департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев және оның орынбасары Гүлбиғаш Омарова қатысты.
Кездесуде алдағы сайлауды заңдағы талаптар бойынша әділ әрі табысты өткізудің тетіктері мен партияның сайлауға дайындық мәселелері талқыланды. Талқы барысында Ерлан Жағыппарұлы еліміздегі 10 мыңнан артық сайлау орнына Nur Otan партиясы атынан 28 мың адам байқау­шылық жасайтынын айтса, сайлауалды бейпартиялық орталық өкілдері орталық атынан 18 мың байқаушы қатысатынын жеткізді.
– Nur Otan партиясы бұл жолғы сайлауға тыңғылықты дайындық жасады. Мәслихатқа 3000-нан аса кандидатты, Мәжіліске 126 үміткерді ұсындық. Қазіргі таңда үгіт-насихат жұмыстары заңнамаға сайкес жүргізіліп жатыр. Сайлау күні партиямыз өзінің сенімді өкілдерін жіберу арқылы сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қадағалайды. Осы тұрғыдан алғанда, кездесудің мәні бөлек, – деді Ерлан Жағыппарұлы.
Айта кетейік, сайлау­алды бейпартиялық бақылау орталығы азаматтық альянсының бастамасымен биыл 10 желтоқсанда құрылған. «Орталығымыз үкіметтік емес ұйымдардың бір бірлестігі ретінде әртүрлі ҮЕҰ-ның күш-жігерін шоғырландыруға және барлық партиялық емес бақылаушылармен ынтымақтастық орнатуға күш салатын ұйым ретінде құрылды. Орталығымыз сайлау учаскелерін барынша қамту үшін ең жақсы әлемдік стандарттарға сай бақылаушыларды да­йындайды» деді орталық басшысы Бану Нұрғазиева.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button