Сайлау - 2021

«Қамқордағы» жұртшылықпен кездесті

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер (№19 топ) Ақылбек Данабекұлы, Рүстем Әлқожа және Азамат Орынбасаров «Қамқор» базарына барып, ондағы жұртшылықпен жүздесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдап, көкейтесті мәселелерді ортаға салды.

Nur Otan партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Азамат Орынбасаров елордада құрылыс саласында жұмыс істейді, «Керуен групп» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Қамқор» құрылыс компаниясының бас директоры. С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте жастар көшбасшысы, праймериз қорытындысымен Сарыарқа ауданы бойынша бірінші орын алған Ақылбек Данабекұлы сайлауалды жұмыстар бойынша былай деді: «Қамқор» базарында қызметкерлермен кездесу барысында нәпақасын осы жерден тауып жүрген азаматтар карантин кезінде «Қамқор» жабық болғандықтан қиналғандарын, жалға алу ақысын төлеу оңайға түспегенін айтты. Сондай-ақ кептеліс пен тазалық мәселесі де көтерілді. Біз олар айтқан мәселенің барлығын жеткіземіз. Біз үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыру – айрықша маңызды!».
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Рүстем Әлқожа Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де жастар департаментін басқарады. «Халық арасында партия­ның сайлауалды бағдарламасын түсіндірудеміз. Осы уақытқа дейін бірнеше кездесу өткізіп, мыңнан аса адамды қамтыдық. «Қамқор» сауда үйінде қызметкерлер мен сатып алушылар арасында үгіт-насихат жүргіздік, партияның көтеріп отыр­ған негізгі 10 мәселесін түсіндірдік. Кездесу барысында азаматтар «партияның ашықтығы керек, соны қолға алсаңыздар» деген пікір білдірді. Сонымен бірге пандемия жағдайында шағын және орта бизнеске қолдау керектігін айтты. Пандемия кезінде осы жердегі жұмыс орындары жабылғандықтан, азаматтар табысынан айырылып қалған. «Көктал» жақта тұратындар автобус мәселесін шешіп беруді сұрады» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button