Қала тіршілігі

Бас қаланың беделі



Халықаралық Moodys Investors Service рейтингтік агенттігі Астана рейтингін халықаралық меже бойынша шетелдік және ұлттық валютада 2012 жылдың қорытындысы бойынша, «Тұрақты» болжамымен ВАА3 деңгейінде бекітті. Аталған рейтинг «инвестициялық» санатына жатады және Барселона, Стамбул, Мадрид, Рига сияқты қалалармен бір деңгейде, ал Милан қаласынан бір саты төмен тұр. Байқалған тенденциялар негізінде жекелеген елдер мен әлем қалаларының кредиттік рейтингтерінің төмендеуі Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен қаржы-кредиттік жағдайының көрсеткіштері қаланы Moodys кестесі рейтингінде ұстап тұруға мүмкіндік туғызды. Қала рейтингі операциялық баланс пен қаржы зәрулігінің тұрақты төмендеу көрсеткіштерінің жақсаруымен түсіндіріледі. Қала бюджетінің жеке табыстары, қала экономикасының қарқынды дамуы мен диверсификациялануына негізделген. Қарыз берешегінің аздығы да қала рейтингінің жоғары баға алуына әсер етуші маңызды оң факторлар болып табылады. Астанаға берілген рейтинг Қазақстан Республикасына берілген ВАА2 рейтингтен тек бір саты ғана төмен.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button