Қала тіршілігі

Біздің арманымыздың орындалуына мүмкіндік бердіңіздер

Әбдуғалым Есназаров, «Қазком-Полис» өткізген «Формула-1» Бас жүлдесіне сапар ұтысы» акциясының жеңімпазы:

«Қазком-Полис» сақтандыру компаниясының «Формула-1» бас жүлдесіне сапар ұтысы» акциясының кезекті жеңімпазы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру клиенттері арасынан «Қазком-Полис» СК АҚ-ның Шымкент қаласынан – Есназаров Әбдуғалым атанды, ол Испанияның Барселона қаласына жолдаманы ұтып алды. Жеңімпаздың жұбайымен бірге бару сапары 2013 жылдың мамыр айында өтті. Акция жеңімпазы – бизнесмен және шетелге жиі сапарға  барады екен, алайда, өзі де, жұбайы да Испанияда болмаған.  Саяхаттан алған әсерлері туралы жеңімпаздың жұбайы Әсем Есназарова өз сұхбатында әңгімелеп берді.

– Әсем, сіз «Қазком-Полис» СК Акциясы бойынша Испа­нияға бару сапарын күйеуі­ңіз­бен бірге ұтып алаты­ныңызға сендіңіз бе?
– Шынын айтсам, ұтып алғымыз келген, бірақ сенген жоқпыз. Біз отбасымызбен саяхат жасауды өте ұнатамыз. Бізде тілек суреті бар, онда барғымыз келетін елдердің суреттері жапсырылған. Соның ішінде мына жазба болған: «ИСПАНИЯ», елдің көңіл бөлерлік жер­­лерінің суреттері қоса жапсы­рылған. Біздің арманымыз, ойла­маған жерден, «Қазком-Полис» компаниясы өткізген «Формула-1» бас жүлдесіне» сапар ұтысы» ак­­циясы арқасында орындалды. Біз сақтандыру компанияңыздың бір­неше жылдан бері клиенттерінің қатарындамыз. «Қазком-полис» – әртүрлі акциялар өткізетін, жағым­ды тартулар сыйлайтын сенім­ді және тұрақты сақтандыру ком­паниясы екеніне көзіміз жетті. Мойындау керек, сіздердің сақтандыру компанияларыңыз өткізген акция­дағы жеңістің арқа­сын­да Испания қала­сына бару мүмкін­дігіне ие боламыз деп ойлаған жоқпыз.

– Қаланың қандай назар ауда­рар­лық орындарына барды­ңыз­дар?
– Барселона қаласы біздерге үлкен әсер қалдырды, әсіресе оның бай ар­хитектурасы. Біз Гюэль саябағына бардық. Барселонаның ең биік жері болып табылатын пано­рамалық қала көрінісімен Тибидабо тауында (шамамен 500 м) болып қайттық. Жаяу жүріп, кафедралы собор, рим қабырғасының қалдықтары, король сарайы, орта ғасырлық еврей кварталы орналасқан қаланың ескі бөлігіне саяхат жасадық. Соңында біз атақты сәулетші Антонио Гаудидің
туындысы – Саграда Фамилия со­борында (Қасиетті үй ғиба­дат­ха­насында) болдық.

– Әсем, күйеуіңізбен бірге бас­ты оқиға – «Формула-1» жарыс са­йы­­сына барғанда қандай әсер алдыңыз?
– Бұл – қала тұрғындары барлық отбасымен жиналатын тартымды көрініс. Көп адамдар үшін «Формула-1» жарыс қана емес, достарымен тілдесетін жер. Спорттық жарыс машиналар жанымыздан өткен кезде, біз өзімізді осы ерекше әлемнің бөлігі ретінде сезіндік, күш-қуат алып, жарысқа түсушілердің кә­сіпқойлығы мен құмарлығына таңқалдық. Енді мен түсіндім, неге «Қазком-Полис» өз клиенттеріне осындай тамаша сыйлық – «Формула-1» жарысын өз көзімен көруді сыйлаған. Жарыс машиналарын жүргізген жарысушылардың ше­берлігін, олардың аса маңызды зейінділігі мен жауапкершілік дең­гейін бағаладық. Барлық жүр­гізу­шілер осылай басқарулары тиіс. Ешқандай айырмашылық жоқ – жарысқа қатысасың ба, немесе жай күнделікті жол жүрісіндесің бе. Ұқыптылық, зейінділік және жа­уапкершілік әрбір жүргізушіде болуы керек. Сол кезде жолдарда оқиғалар да аз болады және жүр­гізушілерге тағайындау бойынша сақтандыру полисін пайдалануға тура келмейді.

– Әсем, сіздер үшін шын кө­ңіл­мен қуаныштымыз! Сіздерге жаңа жеңістер және қызықты сапарлар тілейміз!
– Сіздердің компанияларыңызға өз клиент­терінің армандарын орын­дағаны үшін және осындай қымбат жүлделер сыйлағаны үшін рахмет айтамыз. Сапарды ең жоғары деңгейде өте жақсы ұйымдастырғандарыңыз үшін тағы рахмет. Біз акцияның қорытындылаушы кезеңінің же­­ңімпазы атанғанымызға қуа­ныш­тымыз. Былайша айтқанда, біздің жолымыз болды! «Қазком-Полис» сақтандыру компаниясына одан әрі дамып, өркендеуін тілейміз. Өз клиенттеріңізді тағы да жағымды тосын жәйіттермен қуантыңыздар!

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button