Мәдениет

Бейнероликтер байқауы

Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы елорданың 25 жылдығына арналған әлеуметтік бейнероликтер байқауын жариялады.

Қатысушылар өз жұмысын дінге байланысты түрлі тақырыпқа: ұлттық құндылықтарды насихаттау, экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, конфессияаралық келісімді ілгерілету, зайырлы мемлекеттің негіздері және т. б. жібере алады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1750000 теңге. 1-орын – 1000000 теңгеге сертификат, 2-орын – 500000 теңгеге сертификат, 3-орын – 250000 теңгеге сертификат.

Байқауға қатысу үшін бейнероликтер қабылдау 2023 жылдың 14 тамызы мен 14 қыркүйегі аралығында өтеді. Бейнероликтер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде орындалуы тиіс.

Байқауға 16 жастан асқан Астана қаласының тұрғындары қатыса алады. Толығырақ ақпаратты www.elorda-din.kz сайтынан таба аласыздар.

Бейнероликтерге қойылатын техникалық талаптар:

* Бейнеролик форматы MPEG4 әлде AVI болуы шарт;

* Видеодағы минималды стандарт талабы: 720×480 (12:8 см);

* Бейнеролик ұзақтығы кем дегенде 30 секунд;

* Бейнероликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – қатысушының қалауы бойынша;

* Бейнеролик жанрын анықтайды (бейнеклип, мультфильм және т. б.), видеода фотосуреттерді пайдалануға болады.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер мекенжайда көрсетілген сілтеме бойынша қабылданады: www.elorda-din.kz

Толық ақпаратты мына нөмір арқылы алуға болады: +7-705-143-62-44.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button