Мәдениет

Бір жарыста – үш медаль

Қазақ шахмат әлемінде жұлдызы жанған елордалық оқушылар бар. Соның бірі – №91 мектеп-гимназия мақтанышы, 9 жасар жас ­шахматшы Аланна БЕРІКҚЫЗЫ.

Шахматты ақыл-ойдың шексіз жаттықтырушысы деп білетін Аланна – 2023 жылдан бастап Греция елі, Родос қаласындағы классикалық шахматтан 9 жасқа дейінгі қазіргі әлем чемпионы, Грузия елі, Батуми қаласындағы 10 жасқа дейінгі жылдам шахматтан әлем вице-чемпионы, FIDE нұсқасы бойынша спорт шеберіне халықаралық кандидат, әл-Айндағы 10 жасқа дейінгі кадеттер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Алматы қаласында өткен республикалық чемпионатта классикалық және жылдам шахматтан Қазақстан бойынша абсолютті чемпионы, Астана қаласының бірнеше дүркін чемпионы, көптеген республикалық және халық­аралық ашық турнирлердің, атап айтқанда, Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен өткен «Мектеп лигасы» республикалық турнирінің жүлдегері. Тіпті жас спортшы бір чемпионатта үш медальға да ие болған. Біріккен Араб Әмірліктері әл-Айн қаласында өткен Азия чемпионатында 2023 жылдың 13-23 желтоқсаны аралығында өткен 10 жасқа дейінгі қыздар арасында 3 медаль – жылдам шахматтан күміс, классикалық шахматтан қола және жылдам шахматтан қола медаль ұтып алды.

Аланна қызымыз 17 ақпаннан 23 ақпанға дейін Австрияда өткен халықаралық турнирге қатысса, 27 ақпаннан 7 наурызға дейін Чехиядағы турнирлерге шақыру алды. Аir Аstana «Жас қыран» байқауының нәтижесі бойынша барлық шығынды төлейді. Сәттілік саған, біздің әлемдік деңгейдегі жас жұлдызымыз!

Гүлнәр АХМЕТОВА,

№91 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button