Мәдениет

Шәкәрім оқуларында топ жарды

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйе­сіне қарасты орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын оқушылар арасында насихаттау мақсатында ІІ республикалық «Шәкәрім оқулары» бай­қауының қалалық кезеңі өтті.

Ұлттық академиялық кітапхана ұйым­дастырған сайысқа қала мектептерінің 5-8-сынып оқушылары, жалпы 30 үміткер қатысты. Байқауға зерттеуші ғалым, Абай мен Шәкәрім шығармаларын түрік және орыс тілдеріне аударған Бақтияр Бутеев, ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалі мен Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Серік Сейтман қазылық етті.

Қорытындысында №73 мектеп-­лицейдің 5-сынып оқушысы Едіге Қилымбекұлы жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды. І орынды Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның 6-сынып оқушысы Мұратбек Нұрқайыр, ІІ орынды Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Нұрай Асқарқызы, ІІІ орынды №42 орта мектептің 6-сынып оқушысы Арайлым Базарбаева иеленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button