Қала тіршілігі

Блокчейн: нотариус қызметі керек болмайды



Астана қаласының әкімі блокчейн технологиясының жылжымайтын мүлік тізіміне енгізілуі нотариус қызметіне деген қажеттілікті жоятынын айтты. Жалпы цифрландыру аясында елімізде көптеген жұмыстардың тәртібі мен талабы өзгеретіні анық.

«Мәселен, блокчейн техноло­гиясын мүлік тізіміне енгізу, сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуде нотариус қызметтерінің қажеттілігін толығымен жояды. Өйткені цифрландыру есебінен бұл реттегі амалдар қайта қарас­тырылады. Заң талаптарына сәйкес келмейтін тұрғын үйдің сатылымына жол берілмейді.
Сонымен қатар, «қара» және «ақ» риэлторлар жойылады. Мұн­-дағы барлық ақпарат электрон-ды форматта редакциялау мүмкіндігінсіз сақталады» дей келе, Әсет Исекешев цифрландыру бағдарламасының тиімді тұстарын тарқатып айтып берді. Оның айтуынша, цифрлы технологиялар уақыт өте келе көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Нәтижесінде бірқатар мамандықтар жоғалса, керісінше, түрленетіндері де болады. «Одан қорқудың қажеті жоқ. Біздің алдымызда кез келген адам өз әлеуе­тін жүзеге асыра алатындай жұмыс нарығының нәтижелігімен қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл бағытта біраз жұмыстар атқарудамыз» деді Әсет Исекешев. Ол қандай жұмыстар?
Біріншіден, қала әкімдігінде шағын және орта бизнес саласындағы өсімді, жұмыс орындарын құруды, Астанада құрылған халықаралық қаржы орталығын негізге ала отырып, инвестиция­ларды қаншалықты тарта алатыны сараланған. Әрине, бас қалада базалық өнеркәсіпті дамыту мүмкін емес, өйткені оның қала экологиясына кері әсері бар. «Дубай, Мәскеу, Бейжің, Сингапур сияқты ірі мегаполистердің тәжірибесін зерттедік. Дүние жүзіндегі ірі мегаполистер заманауи өндіріс және өнімді қызметтерді құру есебінен ауыр өнеркәсіпті дамытудан бас тартады. Мысалы, Американың бұрынғы болат құю орталығы болған Питтсбург қаласы бүгін денсаулық сақтау және білім орталығына айналып отыр» деп түсіндірді Әсет Исекешев.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button