Жаңалықтар

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

xcxc

Елордамыздың орталық паркінде жақында айрықша шара өтті. Айрықша дейтін себебіміз, қалалық жұмыспен қамту орталығы көшпелі ақпараттық жұмыс жүргізу аясында көпшілікті бос жұмыс орындарымен таныстырды.

Бұл шараның мақсаты – біріншіден, жұмыссыз жүрген азаматтарға қажетті ақпаратты жеткізіп, жұмысқа орналасуына септесу болса, екіншіден, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты көпшілікке жеткізу. Себебі, әлдебір кәсіппен айналысқысы келгендер кей жағдайда сол сала бойынша мемлекеттік қолдаудың бар екенін біле бермейді.
Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы осы шара аясында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысу тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, азаматтар планшеттердің көмегімен жұмыспен қамту орталығының бос жұмыс орындары туралы базасын қарау мүмкіндігіне ие болды. Астаналық тұрғындар қаладағы жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтар жөнінде де ақпарат алды. Бұдан соң орталық қызметкерлері жұмыспен қамту мәселесіне қатысты ақпараттық материалдар таратты. Шара барысында астаналық 250 тұрғын қажетті ақпараттармен қамтылды.

Мейірхан МЕҢДІҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button