Қала тіршілігі

«Bus lane» тағы 6 көшеге сызылады



«Bus Lane» жобасы – қала көшелеріндегі қоғамдық көлік­тердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Алдағы уақытта мұндай жолақ елорданың тағы 6 көшесінде пайда болады.

Яғни келер жылы Қонаев, Достық, Ақмешіт, Түркістан және Абай, Кенесары көшелерінде де қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақты енгізу жос­парлануда. Бұл жол қозғалысын 14 пайызға жеңілдетпек.
Жалпы, «Bus Lane» жолағын енгізудің нәтижесінде таңғы және кешкі уа­қыттағы көлік нөпірі кезіндегі автобустарды күту уақыты 24 пайызға қысқарған. Мысалы, №10 автобус маршрутының бағытындағы «Bus Lane» жолағы 40 пайызды құрайды. Соның ішінде Қабанбай батыр даң­ғылы осындай жолақпен 100 па­йыз қамтылған. Осының арқасында аталмыш маршруттың қозғалыс жылдамдығы артып, жолаушылардың аялдамадағы күту уақыты бұрынғыға қарағанда 26 пайызға төмендеген. Ал кептелісті азайтудың тағы бір нұс­қасы – бір бағытты жолдарды енгізу. Елордадағы мұндай жолдың ұзындығы – әзірге 77 шақырым. Алдағы уақытта бір бағыттағы жолдардың қатары да көбейе түсуі мүмкін.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button