Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Айдын СЕМІЗБАЕВ, газет оқырманы:
– Мен Астана маңындағы Қаражар ауылында тұрамын. Тапсырыс бойынша еліміздің әртүрлі қалаларына жолаушы тасымалдап, такси қызметін көрсетемін. Қала іргесіндегі елді мекендерді өзара байланыстыратын немесе елорда айналасындағы өзге өңірлерге барғанда Астананың ішіне кіріп жүрмес үшін арнайы сыртқы айналма жолдар салына ма?

Бұл сауалға «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директоры Сәрсембек Жүнісовтің жауабын ұсынамыз:
– Әрине, салынады. Қазірдің өзінде Астананың сыртымен өтетін екі бірдей айналма жол бар. Оның біріншісі – «К-1», екіншісі «К-2» деп аталады. «К-1» жолының ұзындығы – 86 шақырым. Бүгінде оның үштен бір бөлігі пайдалануға берілді. Енді Тілендиев даңғылынан Қорғалжынға, ал Қорғалжын жақтан бірден Қосшыға шығатын жолды салу жоспарда тұр. Мысалы, Алматыдан жүк тасымалдайтын көлік немесе көрші облыстан шыққан жолаушылар Астананың ішіне кірместен айналма жол арқылы қала сыртымен Қарағандыға, Көкшетауға, Қостанайға және басқа да облыс аумағына өте береді. Ал «К-2» деп аталатын екінші айналма жолдың ұзындығы – 40 шақырым. 8 жолақты жолдарда бағдаршам жоқ. Бұл белгілі бір деңгейде елорданы көп мөлшердегі көлік түтінінен де қорғайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button