Ресми бет

«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің 2017 жылғы 30-31 желтоқсан – демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі туралы



БЖЗҚ зейнетақы заңнамасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістерге байланысты, ағымдағы жылы зейнеткерлік жасқа толған және толатын салымшылар мен алушыларды, сондай-ақ 1, 2-топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып бел­гі­ленген адамдарға мынадай мәліметтерді хабарлайды.


2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап БЖЗҚ-дан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ 1, 2-топ­тардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген азаматтарға ай сайын төленетін болады.
Егер зейнетақы қорына жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, оларды толығымен алуға болады. (2018 жылы бұл сома 404 940 теңгені құрайды (33 745×12)). Ал егер зейнетақы жинақтары бұл сомадан артық болса, онда зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, БЖЗҚ биыл зей­неткерлік жасқа толған немесе толатын (ерлер – 63 жас, әйелдер – 58 жас), сондай-ақ 1, 2-топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген салымшылар мен алушыларға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болатын тәртіпте рәсімдей алатындықтарын хабарлайды. Бұл үшін БЖЗҚ бө­лімшесіне барып, зейнетақы тө­лемдерін рәсімдеу жөніндегі өтінішті рәсімдеу қажет.
Тағы да естеріңізге саламыз, салымшылар мен алушылар жо­ғарыда аталған құқықтарын толығымен жүзеге асыруға мүм­кіндік алуы үшін БЖЗҚ-ның бар­лық операциялық бөлімшелері 2017 жылдың 30 және 31 желтоқ­саны күндері таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.




Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button