Елорда тынысы

Дәрі-дәрмек өндірісі артады

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Үкімет үйінде өткен кеңесте отандық дәрі-дәрмек және вакцинамен қамту мәселелері талқыланды. Басқосуға Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, «QazBioPharm» ұлттық холдингінің өкілдері қатысты.

Биыл Денсаулық сақтау министрлігі «QazVac» вакцинасының 50 мың дозасына тапсырыс беруді жоспарлаған. «QazBioPharm» ветеринарлық бағыттағы препараттарды да шығарады. Оны өндіру көлемі артады. Ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық холдингтен ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен диагностикумдардың 25,8 млн дозасын алуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде «QazBioPharm» басшысы Ерғали Әбдірайымов мемлекеттік органдармен аталған өнімді өндіруге және жеткізуге ұзақмерзімді келісімшарттарды бекітуге ниет білдірді. Аталған мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырылады.

«Отандық өндірушіні қолдау шараларының маңызы зор. Алайда ұсынылатын препараттар сапасына баса мән берілгені жөн. Ол үшін «QazBioPharm» ұлттық холдингі басшылығы тікелей жауапты. Дәрі-дәрмектерді өндіру және жеткізу мерзімі бойынша бекітілген кестені қатаң сақтау қажет» деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button