Шаһар шежіресі

Атақты пианист – Целиноградта

1915 жылы Украинаның Житомир қаласында дүниеге келген әлемге аты мәшһүр КСРО Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, ХХ ғасырдың атақты пианисті, Святослав Теофилович Рихтер қазақ жеріне бірнеше рет ат басын бұрған. Ол соңғы рет 1986 жылдың 3 желтоқсанда елімізге гастрольдік сапармен келгенде ең бірінші Целиноград қаласына тоқтап, Жастар сарайының концерт залында музыка сүйер қауымды екі күн бойы рухани ләззатқа бөледі.

Осы жолы атақты пианист Гайдннің бес сонатасын, Бетховеннің жиырма сегізінші сонатасы, Рондо және Диабелли вариацияларын, Брамс сонаталарын, Паганини, Шуман мен Шопеннің этюдтерін орындайды.

Жылына 120 концерттен артық бермейтін С.Рихтер 1986 жылы 150 концерт қоя­ды.

Соның ішінде Целиноградпен қатар, Қазақстанның Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Петропавл қалаларында да өнер көрсеткен.

Ғазиза ИСАХАН

Суретте В.Т.Рихтер концерт үстінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button