Елорда тынысы

Көшпелі кеңес өтті

Елордада халықтың өсуін, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысын ескере отырып, бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығына қосу белсенді жүргізілуде. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Бүгінде Астанада 32 мың­нан астам бейнекамера бар, ал ең басында 16-сы ғана болды. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Елордалық полиция департаментінің жедел басқару орталығында көшпелі кеңес өткізіп, жедел залдың және кезекші ауысымның жұмысымен таныс­тық, депутаттарға дабыл түймелерінің, «Сергек» және «Қорғау» жүйелерінің жұмысын көрсетті. Сонымен қатар, полиция департаментінің жаңа ғимаратына бардық. Жақын арада полиция департаменті басшылығының қатысуымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы проблемалық мәселелер бо­йынша мәслихаттың жұмыс кеңесін өткіземіз. Бейнебақылау камераларын орнату қажет проблемалық учаскелер бойынша, әсіресе қаланың 16 тұрғын алабында қажетті жабдықтар, штаттық кесте бөлігіндегі мәселелерді қарас­тырамыз. Қала тұрғындарының қауіпсіз және жайлы өмір сүру мәселелері қала билігі мен депутаттық корпустың ерекше бақылауында» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button