Қала мен Сала

Өнер адамдары атсалысты

«Қоршаған ортаға бей-жай қарамайық!» деген ұранмен қалың қар басқан бульварлар мен жаяу жүргіншілер жолын ақ ұлпадан тазартуға өнер адамдары да атсалысты.

«Бұл коммуналдық қызметкерлерге айтарлықтай көмек болды» дейді ұйым­дастырушылар. Іс-шараға 100-ден астам өнер адамы қатысты. Қалалық Мәдениет басқармасы акцияны дәстүрлі түрде өткізбек.

– Соңғы күндері Астанада қалың қар жауып, ауа райы автокөліктермен бірге жаяу жүргіншілерге қиындық тудырды. Бұл ретте уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне көп-көп рақмет! Олар негізгі көшелер мен адам көп жүретін жерлерді тазартып жатыр. Біз де осы іске аз да болса үлесімізді қосайық деп қолымызға күрек алдық. Мәдениет саласының адамдары ғана емес, Астана қаласының жастары да жалғызілікті егде кісілер мен ерекше күтімді қажет ететін жандардың үйінің ауласын тазартып, қызмет етіп жатыр. Жақсы іс жалғаса береді, – деді актер Асылхан Төлепов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button