Қала тіршілігі

Дін ілімін талдаған



Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы қаладағы дәстүрлі діндер өкілдерінің қатысуымен жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді.

Белгілі ғалымдар С.Қанаев Я. Трофимов, Қ.Лақбаевтың «Под маской религий» деп аталатын жинағында діннің атын жамылып, діни лаңкестік және діни экстремистік ұйымдардың сойылын соғатындардың бет пердесін ашуға тырысқан. Атап айтқанда, осындай құбылыстың пайда болу себептерін талдап, діни экстремизмнің Қазақстандағы көріністерінің ерекшеліктеріне анықтама берілген. Жат ағымның кез келген мемлекеттің ішкі сая­си тұрақтылығына және ұлт қауіпсіздігіне әсері болары анық. Жинақта оған қарсы тұрудың негізгі әдістері мен тәсілдері талданған. Осы мәселеге қатысты жинақталған барлық анықтамалық-ақпараттық материал жүйеленіп, террористің әлеуметтік «портретін» ашқан. Қазақстанда тыйым салынған діни ағым­дардың қызметі мен идеологиясына жан-жақты талдау жасалған.

Жасыратыны жоқ, осы күнге дейін бұл мәселенің діни танымдық, құқықтық астарын талдауда ақтаңдақтар жоқ емес еді. Жат ағымдардың идеологиялық мазмұнына баға беруге келгенде осы саланың жекелеген мамандарының да ілімі өз деңгейінде емес. Осы олқылықтардың орнын толтыратын жаңа жинақ өте нәзік діни сенім бағытындағы көптеген жайттарды бағамдап, бағасын беруге мүмкіндік бермек.

Айгүл УАЙСОВА

astana-akshamy.kz




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button