Саясат

Елді елең еткізген

ДИАБЕТ ЕМІ ТАБЫЛА МА?

Канаданың дәрігерлері аштық жариялау арқылы екінші деңгейлі қант диабетінен арылуға болатынын дәлелдеді.

Дәрігер-ғалымдар екінші деңгейлі диабетке шалдыққан 40-70 жас аралығындағы үш ер адамға арнайы эксперимент жасаған. Тәжірибе кезінде екі пациент күнара «ораза» ұстаса, біреуі үш күннен аш жүрген. Бұл диета 10 айға жалғасыпты. Нәтижесінде оң әсерін беріп, үшеуі де бір айдан кейін антидиабетикалық дәрілерден бас тартқан.
Осыған дейін ДДСҰ әлемде 347 млн адам қант диабетімен ауыратынын хабарлаған. Болжам бо­йынша 2030 жылға таман әрбір жетінші өлімге осы ауру себеп болады екен.

МИГРАНТТАР АЯЛДАЙТЫН ЖЕР  – ИСПАНИЯ

Жерорта теңізі арқылы бас сауғалап баратын босқындардың, негізінен, аялдайтын жері – Испания. Өткен үш күнде құтқарушылар Испания жағалауларынан 1,8 мың мигранттың жеткенін анықтады.

Дүйсенбі күні Гибралтар бұғазына 357 адамы бар 8 қайық, Альборан теңізінің жағасына 303 адам мінген 6 қайық және 31 жолаушысы бар тағы бір қайық жеткен. Ал өткен сенбі-жексенбі күндері Испанияның құтқарушылары аталған жағалаулардан жалпы саны 1181 мигрант мінген 30 қайықтың келгенін анықтады. Осылайша үш күннің ішінде Испанияға 1872 заңсыз мигрант бас сау­ғалап барған.
Биыл Испанияға барған мигранттар саны күрт артты. Жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы 38451 босқын барыпты. Бұл өткен үш жылды қоса есептегеннен де көп. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша 2018 жылы Еуропа елдеріне 84,3 мың адам аталған теңіз арқылы жеткен.

ЖАПОНИЯ ҚАРСЫ

Ресейдің Куриль аймағында әскери сынақ өткізу жоспарына Жапония тарапы қарсылық танытып, Мәскеуге наразылық білдірді.

Жапония үкіметінің бас хатшысы Есихидэ Суганың айтуынша, Ресейдің бұл әрекеті Токио­ның ұстанымына сәйкес келмейді әрі әскери күшейтуге алып келеді. Ал «РИА Новости» агенттігі Мәскеудің әскери сынақ өткізу жоспары туралы Токионы хабардар еткен.
Өткен айда Владимир Путин Жапония премьер-министрі Синдзо Абэге жыл соңына дейін бейбіт келісім орнатуды ұсынған. Алайда жапон тарапы шекара дауы шешілмейінше мұндай келісімге қол қойылмайтынын жеткізді.
Айта кетейік, екі мемлекет арасындағы бейбіт келісім 70 жылдан бері жасалмай келеді. Токио жағы Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аралдарын кері қайтарып алғысы келеді. Ал Мәскеу аталған орындар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО құрамына кіргенін алға тартады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button