Жаңалықтар

Қаламгерлерді қолдайды

 «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтің Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған қаламгерлер қауымымен кез­десуінде бірлесіп атқаратын істер талқыланып, партия мен аталмыш ұйым арасында өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде меморандумға қол қойылды.

«Нұр Отан» партиясы алда жас ақын-жазушыларды ынталандыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әдеби байқау өткізбек. Соның нәтижесінде 5 аталым бойынша 15 қатысушыға жүлде тапсыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Жазушылар одағымен бірлесіп «Астана» телеарнасынан көрсетілетін арнайы телебағдарлама дайындау ісі қолға алынбақ. Бұл тележоба форматы мен мазмұны жағынан ақын-жазушылардың заманға лайық жаңа мінбері болмақ.
Үшінші жоба – YouTube-те арнайы канал ашып, көрермендерге идеологиялық, тәрбиелік сипаттағы көркем дүниелер ұсыну. Ал төр­тінші жоба – партиялық бастамалар аясында қайта жаңғыртылған кітапханаларда ақын-жазушылармен кездесулер, түрлі шығармашылық кештер өткізетін арнайы клубтар құру.
«Бұл жобалардың барлығын жас ақын-жазушыларымызға бе­рі­ліп отырған мол мүмкіндік деп есептейміз. Сондықтан осы мүм­кіндікті тиімді пайдаланып, алға қойған мақсаттарымызға жету үшін бірлесіп жұмыс істейік» деді М.Әшімбаев.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button