Саясат

Елді елең еткізген

Жеті жасар миллионер

Райан есімді жеті жасар грузин баласы YouTube желісіне жүктеген видеолар арқылы қыруар қаржы тауып отыр.

Forbes басылымы Райанның 2018 жылы 21,5 млн доллар пайда тапқанын хабарлады. Ал оның арнасына 17,3 млн адам тіркеліпті. Бүгінге дейін жүктелген роликтері 26 млрд рет көрілген екен. Оның күнделікті шығатын видеоларына ойыншық­пен ойнап жүрген сәттері түсіріледі.
Жеті жасар миллионердің айтуынша, өзін көңілді ұстауы арқылы көрермендерін баурап алады. Соның арқасында ойыншық сататын саудагерлердің саудасы жүріп тұрған көрінеді. Ал табысының басым бөлігі тиісінше жарнама арқылы түседі.

Украина ресейліктерге шектеу қояды

Керчь бұғазындағы қақтығыстан кейін Украина ресейліктердің елге келуіне тыйым салуды қолға алды.

– Қазір өткізу бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Елге шетелдіктердің, ең алдымен 16-60 жас аралығындағы Ресей Федерациясы азаматтарының кіруіне шектеу қойылды, – деді Украина шекара қызметінің басшысы Петр Цигикал.
BBC басылымының хабарлауынша, дип­ломатиялық құжаты, Ук­раинада тұрақты мекенжайы бар, сол сияқ­ты туысқандары­ның қайтыс болуы себепті келген ресейлік­тердің кіруіне ғана рұқсат етіледі.

Туристер көп баратын қала

Euromonitor International агенттігі туристер көп баратын қаланы анықтады.

Белгілі болғандай Гонконг, Бангкок (Таиланд) және Лондон қалалары саяхатшылар арасында аса танымал. Жыл басынан бері Гонконг­қа 30 млн адам барса, Таиланд астанасы 22,5 млн қонақты қабылдапты. Ал ағылшын астанасына 20 млн турист барған. Сондай-ақ Ыстанбұл қаласына қатынайтындардың қатары артып барады. Биыл Түркия елінің мәдениетімен  12 млн адам танысып қайтыпты.
Сарапшылар Гонконг қаласына баратын турис­тердің артуын екі нәрсемен байланыс­тырады. Нақтырақ айтқанда, ұзындығы 55 шақырым болатын Чжухай-Макао-Гонконг көпірінің ашылуы мен жылдам жүретін пойыздың іске қосылуы үлкен рөл атқарып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button