Sport
Елордалықтар – ел чемпионы
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2022/05/871fe91a71dc1898a97f1a95e34d6347_1280x720.jpg)
Елордалық қыздар командасы шайбалы хоккейден республикалық турнирде І орынға ие болды.
[smartslider3 slider=2885]
Қарағанды қаласында өткен турнирге 6 команда қатысты. Атап айтсақ, «Бұлбұл», «Ләззат», «Алматы-1», «Алматы-2», «Торпедо» және «Юность-Грация» командалары. Нәтижесінде, «Бұлбұл» командасы үздік атанды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы әйелдер хоккей академиясы елорда әкімдігінің қолдауымен 2021 жылы шілде айында ашылған. Әлеуметтік жоба болғанымен, мұнда 5-14 жастағы қыздар тегін қатыса алады. Жаттығу аптасына 6 рет өтеді.