Елорда тынысы

Елорданың үздік педагогтары

ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

Елордалық ұстаздар – ел ұстаздарына үлгі!

Елорданың ұстаздары – еліміздегі барлық ұстаздар қауымына мектеп қандай болуы керек, ұстаз қандай болуы керек, оқушы қандай болуы керек дегенде үлгі тұтар, алдыңғы қатарлы, үздіктер екенін «Үздік педагог» атағы берілген республикалық байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау кезінде  байқадық. Астананың ең мықты деген педагогтері байқаудың қалалық кезеңіне қатысып, жүзден суырылып, алға шықты. Осы жылы байқауға қаламыздың меншік нысандарына және  ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық білімі беру ұйымдарынан барлығы 68 педагог, оның ішінде орта білім беру  ұжымдарынан – 32 педагог, мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарынан – 14 педагог, қосымша білім беру бойынша – 1 мұғалім, техникалық және кәсіптік білім беру саласынан – 12 педагог, жекеменшік білім беру ұйымынан 9 ұстаз қатысып, бақтарын сынады. Байқауға қатысу ережелеріне сәйкес келмеуіне байланысты 21 қатысушының жұмысы  кері қайтарылды.

Байқау талаптарының жоғары болғанына қарамастан, тәуелсіз сарапшыларымыз үздіктің үздігін анықтады, оның қорытындысы бойынша  80 – 100 балл аралығында есеп жинаған 10 қатысушы байқау жеңімпаздары болып анықталды және «Үздік педагог – 2023» атағына лайықты республикалық байқауға жолдама алды! Биылғы 2023 жылғы байқауының жүлде қоры 10 350 000 теңгені құрады.

«Үздік педагог-2023» байқауының жеңімпаздары:

  • Нұргүл Даривхан – Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Салтанат Тулегенова – Астана қаласының Қ. Сатпаев атындағы «BINOM SCHOOL» – мектеп-лицейі, математика пәнінің мұғалімі
  • Жулдыз Нуранова – Астана қаласы әкімдігінің №45 «Самұрық» Арт-терапияның басым бағыты бар бөбекжай-бақшасы» МКҚК, тәрбиешісі
  • Серіккүл Сексенбаева – Астана қаласы әкімдігінің «№8 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, бастауыш сынып мұғалімі
  • Ақмарал Қожантаева – Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, химия пәнінің мұғалімі
  • Елена Иванова – Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ, балабақша тәрбиешісі
  • Баян Киргизбаева – Астана қаласы әкімдігінің «№64 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, география пәні мұғалімі
  • Серик Туранов – Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» МКК, өндірістік оқыту шебері;

– Жеңіс Кенжекей – Астана қаласы әкімдігінің Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-интернаты, физика пәні мұғалімі

– Күнсүлү Халиди –  «Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледж» ШЖҚ МКК, өндірістік оқыту шебері.

Байқауға  қатысушылар өздерінің жоғары эрудицияларын көрсетіп, кез-келген жағдайдан ұтымды шығып, өздерінің педагогикалық шеберлігін, кәсіби құзіреттілігін көрсетуге дайын екендігін көрсетті.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button