ЖаңалықтарТуризм

Хайнань – тартымды туризм мекені

Астана ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрменің аясында, Қытайдың оңтүстік провинциясы Хайнаньнан келген ресми делегация БАҚ өкілдерімен кездесті.

Баспасөз конференциясы барысында ауылшаруашылығы басқармасының бас инженері Хуан Чжэнъэнь Қытай мен Қазақстан үшін тартымды деп тапқан бірнеше бағытты атап өтті. «Біз сіздердің еліңіздің ауылшаруашылық өнімдерін құптаймыз, егер отандық тауарларыңыз Қытайға импортталса, тек қуанышты боламыз. Біз өз кезегімізде Қазақстанға тропикалық жемістерді жеткізіп, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде бірлесе жұмыс жасар едік» деді Хуан Чжэнъэнь.

Халықаралық сауданы дамытуға ықпалдасу бойынша Қытай ко­митетінің хайнаньдық бөлімінің төрағасы Ли Чжицзе, 2017 жылдан бері Қытай провинцияда туризм нысандарын көптеп салып, шетелдік инвесторларды тартып жатқанын айтты. Хайнань провинциясы туризм басқармасының ішкі нарық және көрмелер бойынша бөлім бастығының орынбасары Син Чжэньнің айтуынша, қытай­дың тропикалық аралында 20 мың­нан астам қазақстандықтар демалмақ. Бүгінде аптасына бір реттен Алматы-Санья-Алматы, Астана-Санья-Астана авиарейсі қатынайды. Провинция отызға тарта шет мемлекетімен визасыз режим орнатқан. Соның ішінде Орталық Азия елдерінің арасында қазақстандықтар да Хайнаньға визасыз сапар шеге алады.

Айгүл
УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button