Шартарап

Халқына қалтқысыз қызмет етті



Мейірімді, рақымды Алланың атымен
“Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз…”
(Бақара сүресі, 156-аят)

 Иранның солтүстік-батысындағы таулы аймақта тікұшақ апатының салдарынан Иранның Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан және олардың бірнеше серіктерімен бірге Иран президенті сейіт Ибрахим Раиси да шейіт болды. Шығыс Әзірбайжанға «Қыз қаласы» шекаралық су бөгетін ашу салтанатына қатысып қайтып келе жатқан жолда президент пен оның серіктері мінген тікұшақ Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы Верзеган мен Джулфа арасындағы аумақта «Дизмар» орманында апатқа ұшырады. Ауа-райының қолайсыздығы апат болған жерді анықтауға кедергі тудырғандықтан, құтқару топтарының аймаққа жетуін қиынға соқты.

Аятолла Раиси барлық жауапкершілік алаңдарында өзімен бірге кішіпейіл қызмет пен жиһад рухының хош иісін ала келген Ислам революциясының бірінші деңгейдегі шенеуніктерінің бірі болды. Даналық және шыдамдылықпен ұштасқан әділдік пен қарапайымдылық, табандылық, кішіпейілділік және қажымас қайратпен халыққа барынша қызмет ету, мұқтаж адамдардың мәселелерін шешудегі қамқорлық, адамгершілік пен халық арасында қарапайым және шынайы болу, заңға және билеушіге іс жүзінде мойынсұну, имам мен шейіттердің армандарын жүзеге асыру жолындағы талпыныс – осы жоғары дәрежелі қызметші әрі исламдық жүйе басқарушысының ең көрнекті ерекшеліктері.

Бұл қайғылы оқиға қызмет сапары кезінде орын алды. Осынау асыл да жанқияр тұлғаның бүкіл жауапкершілік кезеңі, мейлі президенттік қысқа мерзімде болсын, мейлі оған дейін болсын, халыққа, елге, ислам дініне адал қызмет ету жолындағы тынымсыз еңбекпен өтті. Ол үшін Алланың разылығын білдіретін халықтың игілігі мен разылығы барлық нәрседен артық болды және істерді жақсарту мен ілгерілету жолында күндіз-түні жұмыс істеуіне ештеңе кедергі болмады.

Оның үкіметінің айқын оң тұстарының бірі – елдегі маңызды әрі дағдарысты жағдайлардағы президент пен оның кабинеті мүшелерінің белсенді құзыры. Президент өз үкіметінің басынан-ақ мәселелерді жақыннан көріп, халықтың арасында болып, олармен тікелей сөйлесу үшін өз күн тәртібіне аймақтарға сапарларды енгізген болатын. Ол елдегі маңызды жағдайларда, соның ішінде, су тасқыны мен жер сілкінісі сияқты табиғи апаттарда кабинет мүшелерімен бірге дағдарысты ауыздықтау үшін тікелей апат орнына барып, алдыңғы қатарда жүретін. Президенттің жиһадтық рухы өмірінің соңына дейін халыққа қызмет ету болатын.

Ибрахим Раиси халық арасында үміт тудырып, оны арттыруды өз үкіметінің басты жобасы деп санап: «Қоғам мүшелерінің сенімін күннен-күнге артыруымыз керек. Халықтың үміті мен сенімін арттыру біздің міндетіміз»,-деген еді. Үмітті адам адамдарға үміт сыйлай алады, Ислам үкіметі мен жүйесі үшін қызмет ететіндердің барлығы үмітпен жұмыс істеп, адамдардың жүректерінде үміт оятуы керек деп есептеді.
Бұл революцияшыл басшының моджахедтік қызметі мен басшылығының берекеті әлі де жалғасады деген үміт бар еді, бірақ өкінішке орай, бұл тілек орындалмады. Осы қайғылы оқиғадан кейін Иран халқы шынайы әрі құнды қызметшісінен айырылды. Алла жар болып, жолы сауапқа толы болсын!


Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button